Кеше Астанадағы «BNews.kz» ақпараттық агенттігінің студиясында www.bnews.kz порталында көрсетілу үшін Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік төрағасы Өмірзақ Өзібековтің қатысуымен online-конференция болып өтті. Онда жер қатынастарына байланысты Жолдаудан туындайтын тапсырмаларды орындаудағы агенттіктің міндеттері туралы әңгіме қозғалды.
Мұндай online-конференциялардың жүйелі түрде өткізіліп келе жатқандығы белгілі. Оларда мемлекеттік орталық органдардың басшылары өздері қызмет ететін салалар бойынша көпшілікті толғандырып жүрген сұрақтарға жауап береді. Бұл жолы да солай болды. Қазіргі күні қоғамымызды толғандырып отырған жер қатынастарын дамыту мәселесіне байланысты көрермен қауымнан бірқатар сұрақтар келіп түскен екен. Ол сұрақтар ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке сатып алу, тұрғын үй салу үшін жер телімдерін беру, жеке меншікке берілген жерлерді мемлекет мүддесіне қайтадан алу туралы сұрақтарды қамтыды. Агенттік басшысы осы сұрақтарға жауап берді.
Сұңғат ӘЛІПБАЙ.