31 Наурыз, 2011

Спортшылар мерейі

453 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Спорт қашанда ел мерейін асқақтатады, рухын көтереді. Демек, оның дамуы мен спортшылардың жеңіске жігерленуіне ықпал ету басты міндет. Жетісулық спортшылардың осы орайдағы жетістіктеріне көңіл сүйсінеді. Басқа жетістіктерді айтпағанның өзінде VІІ Қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржы­ны­на 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медаль түскені ерекше мақтаныш. Олардың арасында жетісу­лық екі дүркін чемпион атанып, күміс медальді қанжыға­сына байлаған Елена Хрусталева, биатлоншы Диас Кенешов алтыннан алқа тағып, жанкүйерлердің сеніміне селкеу түсірмегендерін ортаға салып, үздік спортшылар мен жаттық­тыру­шыларды, спорт мекемесі, спорт клубы, дене тәрбиесі және спорт бөлімдерінің атына ізгі лебізін жеткізді. Ұлттық ат спорты түрлерінен өтетін жарыстар­дағы көкпаршылардың жетістіктері де аталды. Бұдан соң республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген грек-рим күресінен Қазақстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2010 жылғы Әлем чем­пио­натының қола жүлдегері, Жазғы Азия ойын­дарының чемпиондары Нұрмахан Тына­лиев, VІІ Қысқы Азия ойындарында алтыннан алқа тақ­қан Елена Хрусталева, ауыр атлетикадан әлем чемпиондары Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло, грек-рим күресінен ха­лықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2010 жыл­ғы Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Дархан Баяхметов, регбиден командалық бәсеке­де алтын медаль иелері Ирина Амосова, Ирина Адлер, Олеся Теряева, Ирина Радзивил және гір көтеруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2010 жылғы әлем чемпионы Әмірбай Рыс­құлов облыс әкімінің дипломы және 100 мың теңге ақшалай сыйлықтарымен марапатталды. Жиында республикалық және халықаралық жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен спортшы­лар­ды дайындағаны үшін грек-рим күресінен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жат­тық­тырушы Азамат Көкебаев, ауыр атлетиканың жаттықтырушылары Леонид Дигай және Алексей Ни, Виктор Ни, регби командасын дайындаған Махаббат Туғамбекова, грек-рим күресінен жаттықтырушы Мұрат Қасымханов, биатлон жаттықтырушысы Николай Зеленков облыс әкімінің дипломы мен 100 мың теңге ақшалай сыйлықтарына ие болды. Спорт майталмандарының болашақ ізбасар­лары жергілікті жерлердегі жұмыстың жүйелі ұйымдастырылуына байланысты. Осы орайда, үздік танылған спорт мекемесі, спорт клубы мен дене тәрбиесі, спорт бөлімдерінің еңбектері де аталды. Олардың қатарында өткен жылы халық­аралық жарыстарда табысты өнер көрсеткен №1 олимпиялық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі, «Жетісу» кәсіпқой әйелдер волейбол клубы, Қарасай ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі облыс әкімінің дипломы және 500 мың теңге ақшалай сыйлықтарын алып, мерейленді. «Арқалағаны алтын, жегені жантақ» дейтін журналистер еңбегі де ескерілді. Жыл бойы спортшы­ларға жанкүйер болып, қаламын қару еткен бір топ бұқ­аралық ақпарат құралдарының өкілдері де арна­йы диплом мен ақшалай сыйлықтарға қол жеткізді. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.