Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовтің қоғамдық өмірдегі белсенді іс-қызметі қарағандылықтарға да жақсы таныс. Өндіріс орындары көп шоғырланған аймақтың табиғатына бас жанашыр ретінде біледі. Кеше жергілікті жұрт үміткермен кездесулерде көңілін толғандырған ой-мақсатына тереңірек бойлай түсті.
Мэлс Елеусізов Қарағандыға сапарында алдымен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ге қарасты құю-мәшине жасау зауытына келді. Ұжым мүшелерімен жүздесу кәсіпорынның 1-цехында өтті. Бұрыннан да орталарынан табылып жүретін танымал азаматты жұмысшылар жылы шыраймен қарсы алды. Өзінің де уақыты тығыз, қатысушылардың да уақытын алмау үшін бірден басталған әңгіме қысқа да нұсқа болды.
Еліміздің басқа да аймақтарына тән көңіл алаңдатарлық экологиялық жағдай бас экологқа белгілі жәйт. Балқаш көлінің өндіріс қалдықтарынан одан сайын ластануы, Нұра өзеніндегі сынаптың шөгіндісі, Арқаның осы басты арнасы тазалығын сақтауға әзірге талаптың босаңдығы, жеке меншік иелігіндегі су қоймаларының қараусыз қалуы, Теміртау мен Балқаштың түтінге булығудан арылмауы жергілікті тұрғындардай өз жанына да қатты бататыны туралы толғана тоқталған президентікке кандидат барлық жерлерге ортақ осындай мәселелердің мемлекеттік деңгейде шешілуге тиісті кезі келгендігін атады. Сөз орайында ортаға салғандай, сайлауалды бағдарламасы арқылы қоғамның экологиялық жағдайға барынша назар аударуын күшейте түсу мүмкін болса, мақсатының негізгі жеңісі сол болмақ екен. Қоршаған ортаның жылдан-жылға бүлініп бара жатуына көзжұмбайлықпен қарауға енді төзе беруге болмайды, жағдайды түзетерлік тыңғылықты іс-шаралар қолға алынуы қажет. Бұл ретте қолдан келгенше күш-қабілетін аянбайтындығын сездірді.
Мэлс Хамзаұлы, сонымен бірге, кездесуге қатысушылармен әңгімелесу барысында алдағы өтетін сайлаудың еліміздің дамуына жаңа жол ашатын маңызы аса зор саяси оқиға екенін айтты. Сондықтан азаматтардың оған белсенділікпен қатысып, дауыс беруі қажеттігін атап өтті. «Барлығымыз қоғамдық өмірге белсене қатысқанда ғана біз өркендеуді өрістете аламыз» деді.
Жиналғандар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар қайтарылып, бірқатар өзекті жайларды тиісті орындар алдына қойып, орындалуын бақылауда ұстайтындығын білдірді.
Бұдан соң президенттіктен үміткер қаладағы құю зауыты еңбеккерлерімен кездесті.Өтпелі кезеңде өндірісі тоқырап, бүгінде қайта өрлеген байырғы кәсіпорын тау-кен шахта жабдықтарын, халық тұтынатын тауарлар шығарумен шұғылданады. Мұнда М.Елеусізов өзінің сайлауалды бағдарламасының маңызды тұстарына тоқталып, оны жан-жақты түсіндірді.
Сайлаушылармен осындай сұхбат Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті оқытушылары мен шәкірттері арасында жалғасты. Қатысушыларға Мэлс Хамзаұлы білім беруді жетілдіру, жастар саясатына байланысты тұғырнамасына қосымша түсіндірмелер жасады. Айтылған ұсыныс-пікірлер назарда ұсталатындығы айтылды.
М.Елеусізов кездесушілерге ой өрісі биік, мәдениеттілік тағылымы терең, қоғамдық ұстанымы берік азамат тұрғысында жылы әсер қалдырды.
Айқын НЕСІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»,
Нұрлан АМАНҰЛЫ, журналист.
Қарағанды.

Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Бүгін, 21:21
Жалпыұлттық коалиция белсенділері ақпараттық науқанды аудандарда жалғастырып жатыр
Ата заң • Бүгін, 21:00
Рамазан айы азаматтардың тұтыну шығындарына қандай өзгеріс әкеледі?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 20:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12