31 Наурыз, 2011

Экологиялық сауалдама жүргізді

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өскеменде Қазақстан Респуб­ликасы президенттігіне кандидат, «Табиғат» экологиялық ода­ғының төрағасы Мэлс Елеусізовті жақтаушылар акция өткізді. Онда әлеуметтік зерттеу жүр­гізу­шілер халықты «Экология­ның Өскемен қаласындағы ор­ны» туралы сауалдамаға тарт­ты. Жауап берген 500 рес­понденттің барлығының жауа­бы бір жерден шықты. Олар экологияны жақ­сарту үшін тазарту қондыр­ғы­ларын орнатып, ағаштар отыр­ғы­зып, ядролық қалдықтар сақ­тайтын банк құр­май, зардап шек­кендерге өтем­ақы төлеу қа­жет, жалпы эко­логияны түзеу үшін қаржылық қолдауды кү­шей­ту керек, дейді. Акцияны жүргізуші «Таби­ғат» экологиялық одағы бү­гінгі қоғам ертеңгі ізба­сар­ларына таза табиғат қалдыруы тиіс. Ал зерттеу жүргізуіміздің себебі – қаладағы экологиялық жағдай­ға қоғамдық табиғат қорғау ұйым­дарының тигізер әсерін білу және Өскемендегі эколо­гиялық жағ­дайды жақ­сар­туға қажетті ұсынымдарды әзірлеу, дейді ұй­ым­дас­тырушылар. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Өскемен.