Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.С.Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті.
Кеңестің отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасына қатысты мәселе қаралды.
Сондай-ақ қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді әрі қарай жетілдіру жөніндегі шаралар туралы мәселе қарастырылды.
Аталған мәселелер бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің және Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ақпараттары тыңдалды.
Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің өткізген отырысының ұсыныстары Қазақстан Республикасындағы заңнаманы және құқық қолдану қызметін әрі қарай жетілдіруде ескерілетін болады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімі.