Италиядағы Гран-Сассо тауының маңында Rigopiano қонақ үйі қар көшкіні астында қалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, онда 30 адам болған, деп хабарлады ВВС.
Құтқарушылар қар астынан үш адамды алып шыққан. Басылымның хабарлауынша, бірнеше адам қайтыс болып, 22 адам іс-түссіз жоғалған. Италиялық БАҚ өкілдері үш қабатты қонақ үй сәрсенбі күні кешке қар көшкінінің астында қалғанын айтады. Алайда, қалың қар жауып, жолдар жабылып қалғандықтан, құтқарушылар табиғи апат орнына тек бейсенбі күні жеткен. Құтқару қызметінің басшысы Антонио Крочетта журналистерге: "Қаза тапқандар көп", деді. Оның айтуынша, қатты қар көшкінінен қонақ үйдің төбесі ортасына құлаған. Апат орнында қардың қалыңдығы бес метрге жетеді. Бұл да адамдарды құтқару операциясына біршама кедергі келтіруде. "Қонақ үйге тікұшақпен құтқарушылар келіп жатыр. Қазір қарды қазу жұмыстарын жүргізудеміз", дейді өрт сөндіру қызметінің ресми өкілі Лука Кари. Мамандардың болжауына қарағанда, қар көшкінінің тууына Италияда болған жер сілкінісі әсер еткен. Естеріңізге сала кетсек, Италияның Лацио, Абруццо мен Марк облыстарында бір күнде магнитудасы бестен асатын төрт жер сілкінісі болған еді.«Жастар» Сарайының 50 жылдығы тойланады
Аңдатпа • Бүгін, 12:46
Санжар Тәшкенбай күміс жүлдегер атанды
Бокс • Бүгін, 12:41
Ауыл шаруашылығы саласында 142 миллиард теңге тиімсіз игерілген
Оқиға • Бүгін, 12:25
Ел мектептерінде медиация қызметтері пайда болады
Оқиға • Бүгін, 11:50
Сегіз жасар оқушы шахматтан Азия чемпионы атанды
Шахмат • Бүгін, 11:28
Ольга Рыпакова басшылық лауазымға тағайындалды
Спорт • Бүгін, 11:14