Алматыда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорында Алматы қаласы әкімдігінің және Суретшілер одағының қолдауымен 18-31 қаңтар аралығында өтетін «Мен осы сәттің куәгерімін» атты заманауи өнер көрмесі ашылды. Көрмеге «100х100» байқауына қатысқан авторлардың еңбектері ұсынылған. Тұңғыш Президент-Елбасы Қоры ұйымдастырып отырған көрменің шарты – әр суретшіге шеберлігін, кәсіби қарым-қабілетін, шындық пен сұлулықты көрсету міндеттелген. Қазірдің өзінде көрмеге Астанадан, Алматыдан, Атыраудан, Қостанайдан, Қарағандыдан, Шымкенттен 50-ден астам жұмыс келіп түсті. «Мен осы сәттің куәгерімін» деген атау – «мен өз заманымның құрдасымын» деген оймен өзектес, өзара терең астасып жатқан біртұтас ұғым. Бұл түсінік суретшінің маңайындағы өмірлік сюжеттерді: отбасын, достарын, қоршаған ортаны зейін қойып қарауға мүмкіндік береді. Ал кейбір қылқалам шеберінің картиналары жаратылыстың мәніне, адамның өмірдегі және тарих кеңістігіндегі орны туралы ойларға жетелейді. Көрменің ерекшелігі, барлық суретшілердің композициясы үшін ортақ формат белгіленген. Бұл талаптың олардың міндетін күрделендіре түскені байқалады. Суретші қаламынан туған бейнелер өмірдің сұлулығын, құндылығын көрсетуге арналғандықтан, әртүрлі бояулар гаммасымен өрілген туындылар тақырыпқа аса бай. Жұрт назарына ұсынылған еңбектердің көлемі 100х100 см және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай орындалғандығы – көрменің тағы бір ерекшелігі. Көрмеге кіру тегін.
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Шерхан Талап жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 21:56
Астанада «Нұр шашу» халықаралық көрмесі ашылды
Мәдениет • Бүгін, 21:30
Еліміздің байланыс нарығы 380 млрд теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 21:00
Қазақстан ғарышты жаңа тәсілмен зерттеуге көшеді
Қазақстан • Бүгін, 20:20
Қазақстан чемпионатының бесінші туры қандай нәтиже көрсетті?
Футбол • Бүгін, 20:00
Қарағандыда шатырдан кірпіш құлап, 3 жастағы бала зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 19:20
Павлодарда жер опырылып, екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 19:00
Қарашығанақ жобасы: газ жеткізу мен баға мәселесі талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Алматыда дәстүрлі V Фараби форумы қорытындыланды
Форум • Бүгін, 18:12
Рае Квон Чун: Қазақстан климаттық сын-қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр
Ғылым • Бүгін, 18:03
Астанада Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол бірнеше айға жабылады
Елорда • Бүгін, 17:51
Перизат Қайраттың Mercedes-Benz көлігі Астана полициясына берілді
Оқиға • Бүгін, 17:43
Шетелдік автосаяхатшы Алматының көрікті жерлерін аралады
Туризм • Бүгін, 17:12
Гимнасшылар Хорватиядан үш жүлдемен оралды
Спорт • Бүгін, 17:03