20 Қаңтар, 2017

Күн тәртібінде – ақпараттық қауіпсіздік мәселесі

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сенатта Қазақстан Республикасының 2016 жылға дейінгі ақпарат­тық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру қорытынды­лары талқыланды. Шараға сенаторлар мен мүдделі мемлекет­тік органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесуді ашқан Сенат­тың Халықаралық қатынастар, қор­ғаныс және қауіпсіздік комитеті­нің төрайымы Дариға Назарбаева ақпараттық қауіпсіздік жалпы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін дамытудағы ұзақ мерзімді және басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Ақпарат және коммуникация­лар вице-министрі Алан Әжібаев депутаттарды тұжырымдаманы іске асырудың негізгі қорытынды­лары туралы хабардар етті. Атап айтқанда, ол технология мен теле­коммуникацияны дамытудың ахуалына, ақпараттық жүйелердің қауіп­сіз­дігін қамтамасыз етуге, бұқара­лық ақпарат құралдарында отан­дық өнімді арттыруға, сондай-ақ, нор­мативтік-құқықтық негіздерді жетіл­діруге тоқталды. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Дмитрий Голобурда ақпарат сала­сындағы маңызды қауіптерге қарсы мекеменің іс-қимылы жөнін­дегі алдағы жоспарлары тура­лы әңгімеледі. Талқылауға сенаторлар М.Ал­тынбаев, Н.Әбіқаев, И.Адырбеков, С.Жақсыбеков, Г.Ким қатысты. Пікірталас барысында алдағы кезең­­де осы саланы реттеуге арнал­ған стра­тегиялық құжаттарды әзір­леу мәселелері көтерілді. Депу­тат­­тар ақпараттық қауіпсіздік сала­сын технологиялық тұрғыда және маман­дармен қамтамасыз ету, сондай-ақ осы мәселедегі мекеме­ара­лық өзара іс-қимылдың кейбір тұстарына назар аударды. Кездесу соңында комитет төр­айымы Д.Назарбаева талқылау нәти­жесі бойынша әзірленген ұсы­ныстардың Үкіметке жібері­летінін және заң шығару жұмыс­тарында ескерілетінін айтты.