31 Наурыз, 2011

Ешқандай ауытқу болған жоқ

472 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Осындай ойды Ұлттық кітапханаға жиналған  Қазақстан Республикасы президенттігінен үміткер 4 кандидаттың сайлауалды штабының жетекшілері журналистермен болған кездесуде айтты. БАҚ өкілдері, әрине, штаб жетекшілеріне кандидатыңыз же­ңіс­ке жетеді деп ойлайсыз ба деген сауал тастаған. Ғани Қа­сы­мовтың сайлауалды штабының жетекшісі Гүлдана Нұрпейісова: «Генерал болуды армандамаған жауынгер жауынгер емес», сон­дықтан жеңіске жетуге кім ұм­тылмайды», – деп штаб жетекші­лері­нің барлығының ойын қо­рыт­­қандай жауап қайтарды. Кездесуге жиналғандар сай­лау­алды үгіт-насихат жұмыс­та­рына уақыт пен қаражат  аздығы қолбайлау болды десе де, Мэлс Елеусізовтің сайлауалды штабы­ның жетекшісі Нұржан Ошанбеков өз кандидаты мен оның сенім білдірілген адамдарының 10 облыста сайлаушыларымен кездесулер өткізгендігін айтты. Сондай-ақ жиналғандар сайлау күні жақындаған сайын үміт­кер­лердің әрбір минөті еңбек ұжым­дарында, халықтың арасында, ауыл-село тұрығындарымен кездесіп, зиялы қауыммен, шығар­машылық орталарда өтіп жат­қа­нын ортаға салды. Басқосуда модераторлықтың тізгінін ұстаған «Айт-Парк» пікірсайыс клубының төрағасы Нұрлан Ерімбетов 4 штаб жетекшілерінен егер бір-бірлеріңіздің жұмыстарыңызға деген көңіл толмаушылықтар болса, қысқа­ша айтып беріңіздер, деп ортақ сауал тастады. Алайда, қай тарап та өрескел ауытқушылық орын алмағанын айтты. Журналистер тарапынан ха­лық дауыс беруге қанша­лықты бел­сенді қатысады деп ой­лай­сыздар, деген сауалға  25 пайыз­дан 90-ға дейін халық қаты­насады, деген түрлі жорамалдар көлденең тартылды. Және ай­мақ­тар ішінде электораттың сайлауға келуінің ең төменгі мөлшері Алматыда көрініс беруі мүмкін деген де пікір айтылды. Штаб жетекшілерінің ойынша, мегаполис тұрғындары басқа өңірлерге қарағанда сайлауға белсенді емес. Алайда, дейді жиналғандар, көшелерге ілінген билбордтар мен үгіт плакаттары емес, халықпен жүргізілген кездесулер, ойлар айтылған жүздесулер өз жемісін береді. «Егемен-ақпарат». Алматы.