20 Қаңтар, 2017

Астанада мүлік пен қаржыны заңдастыру акциясы аяқталды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада заңдастырылған мүлік пен қаражаттың көлемі 962,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
 Астана қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің мәліметтері бойынша, Қазақстан Республикасынан тыс мүлікті заңдастыру үшін жалпы сомасы 3,2 млрд теңгені құрайтын 44 нысан бойынша 41 декларация ұсынылды, сондай-ақ, заңды тұлғалардың 15 млрд теңгені құрайтын жарғылық капиталдағы 4 үлесі заңдастырылды.
Мұнымен қоса, елордалық мемлекеттік кірістер органдарында жалпы құны 54,7 млрд теңгені құрайтын 10 мыңнан аса тұрғын және тұрғын емес нысан, сондай-ақ заңды тұлғалардың 40,9 млрд теңгені құрайтын жарғылық капиталдағы 15 үлес заңдастырылды. Еске салайық, Қазақстанда мүлік пен қаржыны заңдастыру шарасы 2014 жылдың 1 қыркүйегі мен 2016 жылдың 31 желтоқсаны аралығында өтті.
Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55