20 Қаңтар, 2017

Олимпиада чемпиондары әскери ант қабылдады

675 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ulttyq ulan 1 Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571 әскери бөлімінің саптық алаңында Рио Олимпиадасының чемпиондары Дмитрий Баландин, Нижат Рахимов және бірқатар спортшылар салтанатты түрде әскери ант қабылдап, ресми түрде Ұлттық ұлан қатарына өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Ант қабылдау салтанатты шарасында Әскери бөлімнің жауынгерлік Туы шығарылды. Спортшыларды құттықтауға Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының міндетін атқарушы генерал-майор Андрей Каскеленов келді. Әскери ант қабылдаған Дмитрий Баландин ерекше көңіл күйге бөленгенін айтып, ағынан жарылды. «Ұландық жауынгер атанғаныма шын жүректен қуаныштымын. Бұрын-соңды қолыма қару ұстап көрмегендіктен әскери ант қабылдау сәтінде сәл қобалжыдым. Бірақ Отан алдында өзге де сарбаздар секілді әскери киім киіп ант қабылдау сәті маған ерекше әсер етті. Өзіме артылған міндеттерді абыроймен орындап, еліміздің, Ұлттық ұланның намысын қашан да биік ұстауға тырысамын. Антыма адал боламын, Қазақстан Республикасына қызмет етемін!» – деді Олимпиада чемпионы. balandin
Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55