Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Жастар конгресі Кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен Жастар конгресінің алдағы қызметі туралы кеңес болды, деп жазады ҚазАқпарат.
Д.Назарбаева жастар саясатын іске асырудағы жетістіктерді атап өте келіп, ауыл аймақтағы және әлеуметтік ахуалы төмен жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер ашудың қажеттігіне тоқталды. Сенатор сондай-ақ мемлекет жүзеге асыратын маңызды әлеуметтік бағдарламалар мен жобалар туралы жастардың хабардар болу деңгейін арттыру жайында тапсырма берді.
«Жастардың өзін-өзі таныту үшін жағдай жасау қажет, «әлеуметтік лифтілер» жасап, жастарды дағдарыс жағдайында өмір сүруге үйрету керек», - деді Д.Назарбаева.
Кеңес барысында ұйымның 2016 жылғы жұмысы және әскери-патриоттық қозғалысты, мектеп спортын, жастар туризмін дамытудағы тұжырымдамалық ұсыныстар, сондай-ақ Қазақстан Жастар конгресінің мерейтойлық жылын мерекелеу бағдарламасы талқыланды. Д.Назарбаеваның пікірінше, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы жастар қызметін ақпараттық тұрғыда жария етуді күшейту қажет.
«Жастарды мемлекет іске асыратын шаралар туралы хабардар ету деңгейін арттырумен қатар, әріптестер әрекетінің танымалдығын арттыру үшін ақпараттық арналарды пайдалану қажет», - деп атап өтті сенатор.
Кеңеске Парламент депутаттары, жастар саясаты саласына жетекшілік ететін мекемелердің басшылары, Дүниежүзілік банкі жобасының өкілдері, үкіметтік емес секторды дамыту институттарының басшылары, әскери-патриоттық тәрбие мен мектеп спортын дамыту саласындағы Қазақстан Жастар конгресінің әріптестері, жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты. Дүниежүзілік банкінің «Жастар корпусын дамыту» жобасына ерекше назар аударылды. Осыған байланысты шараға 2017 жылғы қадамдар мен тетіктерді іске асырудың алғашқы жобалары іске асырылатын Алматы, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
• 20 Қаңтар, 2017
Жастардың өзін-өзі тануы үшін жағдай жасау қажет - Дариға Назарбаева

Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:50
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • Бүгін, 17:55
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • Бүгін, 17:18
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • Бүгін, 16:48
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • Бүгін, 16:30
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • Бүгін, 15:55
Ата заң • Бүгін, 15:35
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • Бүгін, 15:10
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:42
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 14:28
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Бүгін, 13:39
Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 13:20
Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр
Оқиға • Бүгін, 13:00