ҚазҰУ қазақстандықтарды президенттік сайлауға белсенді қатысуға шақырады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдау аясындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтік жаңаруы» тақырыбында оқытушылар мен студент жастардың активі өтті.
Жиынға университет студенттері, оқытушы-профессорлар құрамы, куратор-эдвайзерлер мен жастар ұйымдары және ҚазҰУ кәсіподағы, ақсақалдар алқасы қатысты.
ҚазҰУ ұстанып отырған басты бағыт – Жолдауда айтылғандай, – екі үздік университет әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындары қатарына кіру, бес пайызы инновациялық қызмет пен ғылыми зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу. Осы орайда, активте ҚазҰУ-дың Корпоративтік мәдениет кодексі, ҚазҰУ Студентінің Ар-намыс кодексі сияқты құжаттар қабылданды. ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов университеттің жаңа ұстанымы – әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу жолында биікке жетелейтіндігін, әлеуметтік жаңару идеологиясында адам капиталын дамытудың басты құндылығы екендігін айтты.
Одан кейін Ғалымқайыр Мұтанұлы жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау туралы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша мемлекеттік білім беру гранты байқауынан өткен 160 студентке және университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен ақылы негізде үздік оқып жүрген 37 студенттің оқу төлемақысына 25% жеңілдік беретін сертификаттар табыс етті.
Активте отандық білім беру шаңырағының көшбасшы университетіндегі оқытушы-профессорлар құрамы еліміздегі жоғары оқу орындарына арнайы үндеу қабылдады.
Жолдау жүктеген талаптарға сай болу үдесін қолға алған ҚазҰУ ұжымы қазақстандықтарды 3 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауына белсенді қатысып, еліміздің әлеуметтік жаңғыруына сүбелі үлес қосуға шақырды.
Саягүл ӘЛІМБЕКОВА, ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі.