22 Қаңтар, 2017

Папуа – Жаңа Гвинеяда 8 баллдық жер сілкінісі болды

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Папуа – Жаңа Гвинеяда магнитудасы 8,0 баллды құраған алапат жер сілкінісі болды, деп хабарлайды lenta.ru АҚШ-тың геология қызметіне сілтеме жасап. Зілзаланың эпицентрі Арава қаласынан батысқа қарай 50 шақырым қашықтықта, дүмпу ошағы 154 шақырым тереңдікте орналасқан. Әзірге жапа шеккендер жөнінде хабар жоқ. Тынық мұхитының цунамиді ескерту орталығының хабарлауынша, алдағы үш сағатта Папуа - Жаңа Гвинея, Соломон аралдары, Науру, Понпеи, Косраэ, Вануату, Трук және Индонезия аралдарының жағаларына аса қауіпті цунами толқындары келуі мүмкін. Айта кетейік, Папуа – Жаңа Гвинея сейсмикалық белсенді аймақта орналасқандықтан мұнда жер сілкіністері жиі болып тұрады.