Теннистен Австралия ашық чемпионатында әлемнің бірінші ракеткасы, британиялық Энди Маррей күтпеген жерден германиялық Михаил Зверевке жеңіліп қалды, деп хабарлайды BBC.
Үш жарым сағатқа созылған төртінші айналымның матчында әлемнің елуінші ракеткасы 7:5, 5:7, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді Роджер Федерер мен Кей Нисикори жұбының жеңімпазы Михаил Зверевтің ширек финалдағы қарсыласы болмақ.
Австралияның ашық чемпионатында бұған дейін тағы бір сенсация орын алған болатын. Жарыстың екінші айналымында әлемнің екінші ракеткасы, сербиялық Новак Джокович өзбекстандық теннисші Денис Истоминнен жеңілді.
Сонымен қатар, турнирдің 1/4 финалына швейцариялық Станислас Вавринка шықты. Әлемнің төртінші ракеткасы италиялық Андреас Сеппиден 7:6 (7:2), 7:6 (7:4), 7:6 (7:4) есебімен басым түсті .
Australian Open – Үлкен шлемнің төрт турнирінің бірі. Оның биылғы жүлде қоры 37,5 млн долларды құрайды.