22 Қаңтар, 2017

Жапонияның мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жапонияның Вакаяма префектурасына қарасты Оита қаласындағы мұнай өңдеу зауытында өрт шықты. Әзірге зардап шеккен немесе қайтыс болғандар туралы мәлімет жоқ, деп хабарлайды РИА Новости. Жергілікті NHK телеарнасының ақпарынша, өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 16-00-дер шамасында тұтанған. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына мұнай құрылғыларына жағылатын арнайы материалдардың жануы себеп болған. Қала билігі зауыттың айналасында тұрып жатқан 2,9 мың адамды қауіпсіз аймаққа көшіруді жөн санап отыр.
Соңғы жаңалықтар

Адам құқығы – басты назарда

Ата заң • Бүгін, 15:35

Әр адамның пікірі маңызды

Ата заң • Бүгін, 11:20