23 Қаңтар, 2017

Ата-ана құқынан айыру – шекті жаза

426 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
бола тұра бұл санаттағылардың азаймай отырғаны алаңдатады Ата Заң бойынша балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті болса да, жауапкершіліктен қасақана жалтарушылар аз кездеспейді. Жуырда Петропавл қалалық оқу бөлімі сотқа талап арыз түсіріп, қарауында төрт баласы бар Н. деген азаматшаны аналық құқынан айыруды өтінген. Бұған дейін де ішкілікке салынып, бала тәрбиесіне жүрдім-бардым қарап келген жауапкер аналық құқының шектелгеніне, балалардың мемлекет қарауына алынғанына қарамастан, жарты жыл бойы оларға бірде-бір рет ат ізін салмаған. Тағдырлары ойлантпаған. Балаларды бағып-күту үшін өндірілген алимент төленбеген. Қамқоршылық жөніндегі мекеме сотқа қайтадан қайырылып, шағымды қарастыру кезінде аналық құқықтарынан шектелген себептерді жою шаралары қарастырылмағаны анықталған. Мінез-құлқы, тұрмыс жағдайы жайлы актілер мен куәлер түсініктері негізінде аналық құқынан айыру туралы талап арыз қанағаттандырылған. Қалалық білім бөлімі ата-ана құқынан айыру туралы тағы төрт талап арыз түсіріп отыр. – Былтыр кәмелетке тол­маған­дардың істері жөніндегі маман­дандырылған ауданара­лық соттың ұйғарымымен 89 ата-ана құқықтарынан айырылып, 3 ата-ананың құқықтары шек­телді. Оның басты себеп­тері – спиртті ішімдікке әуес­тену, жеңіл жүріске салыну, тағысын тағылар. Араларында кәмелетке толмаған балаларға қатыгездік көрсету, күш қолдану, психикалық зорлық жасау сияқты фактілер де бар. Ба­­ланың өз ата-анасының тәр­бие­сіне, мүдделерінің қамта­­масыз етілуіне, жан-жақты өсіп-жетілуіне, адами қадір-қа­сие­тінің құрметтелуіне құқы бола тұра бұл талаптарды орын­­­да­май­тын­дардың кездесе­тіні өкінішті, – дейді облыс­тық про­ку­ратураның баспа­сөз хат­шысы Гүлмайра Кенже­болатова. Оның айтуынша, ата-ана құ­қынан айыру шекті жаза болып табылады. Профилактикалық іс-шаралар тиісті нәтиже бермеген жағдайда ғана ақырғы шара ретінде қолданылады. Тәжірибе көрсеткендей, мінез-құлқын, тұрмыс салтын, бала тәрбиесіне көзқарасын өзгертіп, ата-ана құқықтарын қалпына келтіргендер жоқ емес. Бірақ өте сирек. 4 ата-ана ғана сотқа жүгініп, балаларды отбасына алуға өтініш білдірген. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»