23 Қаңтар, 2017

Қостанай облысында былтыр 232 суицидтік оқиға тіркелген

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өткен жылы  2015 жылмен салыстырғанда облыс өңірінде  суицидтік оқиғалар 27 пайызға азайған, яғни 149 өзіне қол жұмсамақ әрекет, 83 өліммен аяқталған суицид орын алған.  Облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов  Рудный қаласында өткен жылы 13 өзіне қол жұмсау оқиғасы тіркелгенін, бірақ бұл алдыңғы уақыттармен салыстырғанда екі есе кемігенін айтты. Бұл жастармен жақсы жұмыстың нәтижесі екенін білдіреді деді. Қай қалада, ауданда   суицидке бейім адамдармен жұмыс нащар жүргізілсе, сол жерде өзіне қол жұмсағандар қатары да арта түскен. Облыстық әкімдіктің кеңейтілген мәжілісінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов  өткен жылы өліммен аяқталған суицидтің   Қостанай қаласында --30, Арқалықта --32, өзіне қол жұмсау  әрекетінің 37 пайызға өскендігін айтты. Сонымен қатар өзіне қол жұмсауға әрекет жасағандар Алтынсарин ауданында –67, Әулиекөл ауданында –50,Қамысты ауданында -- 100 пайызға өскен. Қарабалық ауданында  өзіне қол жұмсап өлгендердің  қатары 33 пайызға, Меңдіғара ауданында -- 50, Ұзынкөл ауданында--22 пайызға өскен, ал  өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендер --233 пайызға көбейген. Ұзынкөл ауданы әкімі Қанат Сәрсенбаевтың айтуынша, суицид ауданға сырттан  келгендер арасында жиілеген. Нәзира Жәрімбетова,«Егемен Қазақстан»