Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев отырыста мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі республика дамуының жүйелі және заңды кезеңі болып табылатынын атап өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
– Мен ұсынған бес институционалдық реформаның бірін іске асыру Үкіметке экономика саласында қосымша атқарушылық өкілеттіктер беруді көздейді. Бұл орайда қорғаныс қабілетінің, сыртқы саясаттың, мемлекеттік басқарудың, Конституцияны қорғаудың және мемлекеттік билік тармақтары арасында тиімді жұмысты қамтамасыз етудің негізгі мәселелері Президенттің құзырында қала береді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы әуел бастан Қазақстан Президентінің ерекше құзырына жатқызылған өкілеттіктер санының азаятынына назар аударды.
– Мысалы, бағдарламаларды бекіту, Үкіметтегі кадрлық өзгерістер мәселелері, жаңа басқару органдарын құру Үкімет пен Парламенттің құзырына берілуі мүмкін, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті мемлекеттік басқару жүйесінде Парламенттің рөлін пәрменді түрде қажеттігін атап өтті.
– Біздің жағдайда Үкімет жеңіске жеткен партиядан немесе фракциядан жасақталады. Осылайша, көптеген мәселелер бойынша Парламенттің Үкіметке қатысты рөлі қайта қаралуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.
Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіліп отырған реформалар мен олардың сәтті іске асырылуына мемлекеттік органдардың жауапкершілігі мәселесіне арнайы тоқталды.
• 24 Қаңтар, 2017
Парламенттің Үкіметке қатысты рөлі қайта қаралуға тиіс - Елбасы

Қопа мектебіне қолдау көрсетілді
Мектеп • Кеше
Шахматтан республикалық чемпионат өтіп жатыр
Шахмат • Кеше
Семейде құқықтың quiz зияткерлік ойыны өтті
Аймақтар • Кеше
Астанада жүк көлігі өртке оранды
Оқиға • Кеше
Еліміздегі ең ірі ЖОО оқытушылары мен студенттері референдумді қолдады
Референдум • Кеше
Жаңбыр мен қар, боран: Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше