Италияның «Ювентус» клубына жалға берілген мароккалық қорғаушы Мехди Бенатиа жақын арада командасыз қалуы мүмкін. Келісімшарты «Баварияға» тиесілі ол бұл командаға қайтып оралмайтын болды, деп хабарлады eurosport.ru.
«Рома» сапында жүріп, ерекше ойынымен көзге түскен ол 2014 жылы Еуропаның бірқатар клубтарынан ұсыныс түскендіктен Германияның «Бавария» ұжымына ауысуға бел байлаған. Трансфер құны 26 миллион еуроны құрады.
Алайда, неміс командасында қайта-қайта жарақат алғандықтан бағы жанбай, негізгі құрамнан шет қалып жатты. Мұнда ол екі маусымда бас-аяғы 29 ойынға қатысып, 2 голдың авторы атанған.
Бұл маусымды «Ювентусте» бастаған ол жөнді ойынын көрсете алмай келеді. Осыған байланысты «Бавария» ойыншымен жасалған келісімшартты бұзуды жоспарлап отыр.
Мәліметтерге сәйкес, мароккалыққа Ресейдің «Спартак» командасы қызығушылық танытып отыр.
• 24 Қаңтар, 2017
Әлемдегі үздік қорғаушылардың бірі командасыз қалуы мүмкін

Наурыз айында дәрі-дәрмектердің бағасы 25%-ға арзандады
Экономика • Кеше
Қазақстанда ауа райы 5 градусқа дейін суытады
Ауа райы • Кеше
Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясы барысында 35 тонна қоқыс полигонға жөнелтілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Астанада жүк көліктеріне бақылау күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда самокат мінгендерге бақылау күшейді
Заң • Кеше
Ақылы жолдарда жүргізушілердің ұйықтап кетуінің алдын алу үшін лазерлер қойылады
Инфрақұрылым • Кеше