немесе туған тарихты тануға тәрбиелеу
Өркениетті елдердің білімі мен ғылымының ілгерілеуіне мүдделі ұстаздар екендігі даусыз. Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Бұл бағдар Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 және 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларында да аталған. Ондағы басты міндет – жалпы білім беретін мектептерде зияткерлік, дене және рухани тұлғасы дамыған азаматты қалыптастыру, оның құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов «Мен ақынмын әрі өз ісіммен айналысып қана отырар едім. Бірақ барлық көне жазбаларды ақтарып, бүкіл әлемнен шумер, ежелгі мысыр, орыс, скандинавия жазбаларын қотарып, оларды жазып алып, өз халқыма қатысты қандай да бір дерек білуге ұмтылдым. Және көптеген жайттарға қанықтым. Мен ескі сарында қалған ғалымдарға емес, жастарға сенім артамын», дейді. Яғни, жүрегі елім деп соғып тұрған әрбір тұлғаға жігер беретін, қанат бітіретін біздер, мұғалімдер болуға тиіспіз. Мұғалімнің айтқан ілімінен оқушы жадында нақты бір нақыл сөз қалса, төккен тердің зая кетпегені. Мысалы, 6-сыныптағы «Қазақстан тарихы» пәнінде «Ғұндар» тақырыбы бойынша Еділ патшаға берілген сипаттама бар. «Еділ қонақтарына тамақты күміс ыдыстармен береді де, өзі ең соңынан ағаш ыдыспен ішеді, делінген. Дәл осындай құбылыс ХІХ ғасырда Қызылқоға ауданының Қарабауынан 9 шақырым қашықтықтағы Өтей қорымында жерленген Бөкен би басынан өткен екен. Бөкен би ат мінсем желік пайда болады деп, өмір бойы өгіз мініп жүрген. Осы екі тұлғаның өміріндегі көріністерді әңгімелеу арқылы оқушы бойында қызығушылық туары сөзсіз.
Пән сабақтарында ғана емес, тәрбиелік іс-шараларда елдің бірлігі, ынтымағы үшін күрескен айтулы тұлғалармен бірге жергілікті адамдар туралы мәліметтер беру оқушы бойына ізгілік, мейірім нұрын себеді. Мәселен, қазақстандық әрбір мұғалім ақмолалық тарих пәні мұғалімінің «Құрт – асыл тас» өлеңінің мазмұнымен таныс екені даусыз. 1937 жылы салынған АЛЖИР әйелдер түрмесіндегі тұтқындар 17-20 сағат жұмыс істейді. Бірде Жалаңашкөлден қамыс будаларын арқалап келе жатқан тұтқын әйелдерге қарттар мен балалар кездеседі. Балалар өздері әрең келе жатқан тұтқындарды таспен атқылайды. Әйелдер қазақ халқының тәрбиесі осы ма, неге сонша қатыгез деп қамығады. Келесіде арып-ашып әлсіреген тұтқын әйел жерге құлайды. Дәл алдынан сүттің иісін сезеді. Ол және кесек тастардан шығады. Шетінен тістеп көргенде, кәдімгі қазақтың ұлттық тағамы – құрт болып шығады. Сонда ғана қазақтың қарапайым халқының қарауылдарға білдірмей көмектескенін тұтқын әйелдер біледі. Осы бір оқиға әрбір оқушыға адамгершілікті ұқтырып тұрғандай. Мектебімізде оқушылардың өз Отанын, тарихын, экономикасы мен мәдениетін дамытуға үлес қосқан тұлғаларын танып-білуге септігін тигізетін «Өлкетану» сағаттары жүргізіліп келеді. Мәселен, 2006 жылы шілдеде Қарабаудағы Жолайшағыл құмынан сол кездегі 8-сынып оқушысы, бүгінде мұнай операторы Салауат Сәкенаев алтын шынжырлы алқа, сырға, екі құмыра мен бес жебенің ұшын тауып алып, Атырау облысының тарихи-өлкетану мұражайына тапсырғандығы туралы мәліметтер мен фотосуреттер бар. Мәдени-танымдық «Ұрпақ» жобасы аясында өткізіліп келе жатқан курста оқушылар өңір мен ел аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер, өлке табиғаты, қоғам қайраткерлері туралы ізденеді. Биылғы өлкетану курсының мүшелері ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ауыл ішінде көше атауы берілген Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен шаруашылықтың дамуына үлес қосқан Н.Көмеков пен С.Омаровтың еңбек жолдары туралы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ауылдағы ауа райын зерттеу мекемесіне, бөдене өсіретін фермаға саяхат жасады. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» дегендей, оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуде өлке тарихы мен мәдениетін, өңір ерекшеліктерін, тұлғаларын таныту – әр тарих пәні мұғалімінің міндеті.
Гүлжан ТОҚМУРЗИНА,
тарих пәнінің мұғалімі
Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы,

Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирінде Комор аралдарын жеңді
Футбол • Бүгін, 19:25
Қостанайда бір топ мас адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 18:41
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:24
Орал маңында мектеп автобусы жол апатына түсіп, балалар зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 18:15
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмыстары басталды
Елорда • Бүгін, 17:47
Салмақты тәсіл: Тарифтік саясат қалай дамиды?
Экономика • Бүгін, 17:30
Батыс Қазақстан облысында мектеп автобусы апатқа ұшырады: Балалар зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 17:12
«Ұлы дала аруы» инсталляциясы әлемдік рекорд орнатты
Елорда • Бүгін, 17:02
Елімізде мәдени мұраны қорғау жөніндегі мамандарды даярлау күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 16:52
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды
Ата заң • Бүгін, 16:42
Қазақстан жаңа форматтағы ҰБТ-ға қашан көшеді?
Білім • Бүгін, 16:33
Астанада жылу маусымы осы аптада аяқталуы мүмкін
Елорда • Бүгін, 16:22
Үкімет мәдени мұраны сақтауға арналған екі жылдық кешенді жоспарды бекітті
Үкімет • Бүгін, 16:14
5 миллионнан астам адам несие алудан өз еркімен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 16:07