25 Қаңтар, 2017

Иран, Ресей, Түркияның Астана процесі қорытындылары бойынша БІРЛЕСКЕН МӘЛІМДЕМЕСІ

405 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Иран Ислам Республикасының, Ресей Федерациясының және Түрік Республикасының делегациялары осы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің  2016 жылғы 20 желтоқсанда Мәскеуде жасаған Бірлескен мәлімдемесіне және Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2336 қарарына сәйкес; Астанада 2017 жылы 23-24 қаң­тар­да Сирия Араб Республикасы мен  қарулы оппозициялық топтардың арасындағы келіссөздердің басталуын қолдайды; БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнаулы елшісінің осы атал­ған келіссөздерге қатысуы мен атса­лысуын жоғары бағалайды; Сирия Араб Республикасының көп­этносты, көпконфессиялы және демократиялық мемлекет ретіндегі еге­мендігіне, тәуелсіздігіне бірлігі мен аумақтық тұтастығына деген ұс­та­нымдарын БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңе­сі қуаттағаны секілді тағы да растайды; Сирия қақтығысының  әскери шешімі жоқтығына және ол БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің 2254 қара­рын толық көлемде орындауға негізделген саяси процестің көме­гімен ғана шешілуі мүмкін екендігіне сенімділіктерін білдіреді; Нақты қадамдар арқылы және өзінің талаптарға ықпалын пайда­лана отырып, 2016 жылы 29 жел­тоқсанда қол жеткен уағда­лас­тықтарға сәйкес белгіленген атыс­ты тоқтату режімін нығайтуға ұмты­латын болады; Атысты тоқтату режімін толық сақтауды қамтамасыз ету және бақылау үшін үш жақты  механизм жасау, атысты тоқтатудың барлық модальдылығын анықтауға және кез келген арандатудың алдын алу туралы шешім қабылдайды; ИШИМ/ДАИШ және Әл-Нусраға қарсы бірлесіп күресуге және олардан қарулы оппозициялық топтарды бөлуге әзір екендіктері туралы тағы да мәлімдейді; Келіссөздер процесін БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің 2254 қарарына сәй­кес ынталандыру жөніндегі күш-жі­герді белсенділендіру қажеттігі өткір тұрғанына өзінің сенімін білдіреді; Астанадағы Сирия жөніндегі Ха­лықаралық кездесу БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің 2254 қарары талап­тарына сәйкес үкімет пен оппозиция арасындағы тікелей үн­қатысу үшін тиімді платформа болып табылатынын атап көрсетеді; Қарулы оппозициялық топтар­дың  2017 жылдың 8 ақпанында БҰҰ туы астында Женевада өте­тін үкі­мет пен оппозиция арасын­дағы келіс­­сөз­дердің келесі раундына қаты­суға дайын екендігін қуат­тайды; Халықаралық қоғамдастықтың бар­лық мүшелерін Қауіпсіздік Кеңе­сінің 2254 қарарында келісілген бар­лық қадамдарды жедел жүзеге асыру тұрғысынан саяси про­цесті қолдауға шақырады; Астана платформасында БҰҰ Қа­у­іпсіздік Кеңесінің 2254 қара­рын жүзеге асыруға үлес қосу үшін БҰҰ-ның араағайындығымен сирия­лықтар жүргізетін және си­рия­лықтарға тие­сілі саяси процес­тің нақты мәселелері бойынша бел­­сенді ынтымақтасуға шешім қабыл­дады; Қазақстан Республикасының Президентіне, Жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевқа және тұтас­тай Қазақстан тарапына Астанада Сирия бойынша Халықаралық кездесу өткізуге жағдай туғызғаны үшін ризашылық білдірді.