25 Қаңтар, 2017

Еліміздің алты өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

407 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің алты өңірінде түрлі бағыттар бойынша автожолдар жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті. Астана қаласында 24 қаңтар сағат 20:00-ден бастап (бұрқасын, көрінудің шектелуі) «Астана-Көкшетау» республикалық маңыздағы а/ж автокөліктің барлық түрлері үшін жабық. Ақмола облысында 24 қаңтар сағат 20:00-ден бастап (қар, бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) «Астана-Петропавл» күре жолы (18-230 шақырым аралығы Астана қаласы – Щучинск қаласы), «Жақсы-Есіл-Бұзұлық» автожолы (0-82 шақырым аралығы, Жақсы ауылы - Бұзұлық ауылы), «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолы (232-260 шақырым аралығы,  Қостанай облысының аумағы – Сурган ауылы), «Жезқазған-Петропавл» тас жолы (377-595 шақырым аралығы, Қостанай обл. аумағы – СҚО), «Екатеринбург-Алматы» автожолы (856-1006 шақырым аралығы, СҚО аумағы – Атбасар қ.) барлық автокөлік түрлеріне жабылды. Павлодар облысында 23 қаңтар сағат 19:40-тан бастап «Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ телефонхатына сәйкес, ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) облыстық маңыздағы «Шақат-Восточное-Шалдай» (0-121,6) автожолының учаскесі барлық көлік түрлері үшін жабылды. Қарағанды облысында 24 қаңтар сағат 11:35-тен бастап (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) «Ұлытау ауданы-Қостанай обл. шекарасы» (136-252 шақырым аралығы, «Жезқазған-Петропавл» автожолы) бөлігінде барлық автокөлікке қозғалыс шектелді. Қостанай облысында 24 қаңтар сағат 19:00-ден бастап (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) Р-36 «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолы (108-232 шақырым аралығы, Әулиекөл ауылынан – Ақмола облысының шекарасына дейін), А-16 "Жезқазған-Петропавл" күре жолы (252-377 шақырым аралығы, Қарағанды облысының - Арқалық - Ақмола облысының шекарасына дейін) барлық автокөлікке жабық. 24 қаңтар сағат 19:00-ден бастап «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ телефонхатына сәйкес, (боран, көру мүмкіндігінің шектелуі) облыстық маңыздағы «Арқалық -Торғай» (0-288 шақырым аралығы, а/ж «Әулиекөл -Жолдама», 0-257 шақырым аралығы, а/ж «Қойбағар-Севастополь» 0-124 шақырым аралығы) автожол учаскесінде барлық көлік үшін қозғалыс тоқтатылды. Солтүстік Қазақстан облысында 25 қаңтардан бастап (күшті бұрқасын, 25 м/с-қа дейінгі жел) барлық бағыттар бойынша облыстық маңызы бар жолдар жабық.