25 Қаңтар, 2017

25 қаңтарға арналған ауа райы

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, батыс облыстарда жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді, тұман, көктайғақ болады. Бұл туралы "Қазнидромет" РМК хабарлады. Ақмола, Павлодар облыстарында бұрқасын соғып, 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 25, күндіз 30 м/с-қа күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде  тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с-қа артады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Қызылорда облысының кей аумақтарында тұман, көктайғақ болып, түнде жел 15-20 м/с-қа артады. Маңғыстау облысының  кей жерлерінде тұман  болып, жел 17-22 м/с-қа күшейеді. Атырау облысының кей бөліктерінде тұман, көктайғақ болжанады, күндіз жел 15-20  м/с-қа күшейеді. Ақтөбе, Батыс Қазақстан  облыстарының жекелеген жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні күндіз 25 м/с-қа жетуі ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, 17-22 м/с жылдамдықпен жел ұйытқиды.