25 Қаңтар, 2017

«Оскар» сыйлығына үміткерлер тізімі шықты

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Лос-Анджелесте «Оскар» сыйлығына үміткерлердің тізімі шықты, деп жазады «Хабар 24». «Оскар» сыйлығының «Үздік әйелдер рөлі» аталымында - Эмма Стоун, Натали Портман, Мэрил Стрип, Рут Негга және Изабель Юппер. «Үздік ерлер рөлі» аталымына актерлер: Дензель Вашингтон, Кейси Аффлек, Райан Гослинг, Эндрю Гарфилд, Вигго Мортенсен кірді. «Үздік фильм» аталымында «ЛаЛа Ленд», «Лунный свет», «Молчание», «Прибытие» және «Лев» фильмдері таласқа түспек. «Үздік режиссер» аталымында - Дэмьен Шазелл («Ла-Ла Ленд»), Мэл Гибсон («По соображениям совести», Барри Дженкинс («Лунный свет»), Кеннет Лонерган («Манчестер у моря») және Дени Вильнев («Прибытие»). Келесі марапаттау рәсімі 26 ақпанда Лос-Анджелестегі Dolby Theatre театрында өтеді деп жоспарланған.