25 Қаңтар, 2017

Жердің орбитадан түсірілген фотолары жарияланды

926 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
earth 3 Жаңа метеорологиялық GOES-16 жер серігі ғаламшарымызды фотоға түсірді. Бұл туралы life.ru хабарлады. Мұхитты және атмосфераны зерттеу басқармасы (NOAA) аталмыш жер серігінің орбитадан түсірген алғашқы фотоларын жариялады. Ол әрбір 15 минут сайын жоғары сапалы суреттер түсіруге қабілетті. Осының арқасында ғалымдар мен метеорологтар ауа райын бақылап, табиғат апатын дәл болжай алады. earth GOES-16 өткен жылдың 19 қарашасында АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал ғарыш айлағында іске қосылып, екі ай бойы арнайы сынақ жүргізілді. Енді бір жыл бойы сынақтан өткізілген соң ары қарай мүмкіндігіне байланысты жаңа орбитаға ауыстырылады. earth 2 Оның суреттері осы сериядағы өзге де жер серіктерінен төрт есе жоғары, сондай-ақ бес есе жылдам жұмыс істейді. Қазір сптуник жерден 36 000 шақырым биіктікте тұрғандықтан ғалашарымызды толықтай фотоға түсіре алады. Ал Халықаралық ғарыш стансасы 400 км биіктікте орналасқан.