Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам бразилиялық Робсон Асисспен 17 ақпанға белгіленген жекпе-жектен кейін Астанада өтетін бокс кешіне дайындықты бастауы мүмкін. Оның өкілі Берік Сұлтан боксшының алдағы жоспарлары жайлы айтып берді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«Мәдениет және спорт министрі 29 қазанда өткен жекпе-жектен кейін Қанат Исламды қабылдап, оған Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді. Сол кездесуде EXPO халықарылық көрмесін өткізу барысында үлкен бокс кешін ұйымдастырып, сонда Қанат Исламды шақыру туралы ой туындаған болатын», – деді Берік Сұлтан.
Сондай-ақ, Қанат Исламның өкілі қазақстандық боксшының EXPO қарсаңында өткізілетін бокс кешіне қатысуға дайын екенін айтты. «Кештің нақты қай айда өтетіні белгісіз. Бокс кеші жаздың соңында өтетін болса, Қанат мамыр айында АҚШ-та тағы бір жекпе-жек өткізіп, Астанадағы бокс кешіне дайындықты бастауға дайын. Егер одан ерте өтетін болса, Қанат Ислам Ассиспен жұдырықтасқан соң, дайындықты бастай береді. Сонымен қатар, дәл сол күні Геннадий, Бейбіт, Жанат сияқты былғары қолғап шеберлері қатысса нұр үстіне нұр болар еді», – деді ол.
Айта кетейік, кеше Boxing Legends TV интернет-арнасының Twitter желісіндегі парақшасында орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) және осы салмақтағы WBO белбеуінің иегері ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) жазда Қазақстанда жұдырықтасуға келісті деген мәлімет шыққан болатын. Егер, бұл сөздердің барлығы расталып жатса, қос батырымыз Астанада бір күнде жұдырықтасуы мүмкін.
• 25 Қаңтар, 2017
Ислам мен Головкин Астанада бір күнде жекпе-жек өткізуі мүмкін

1-сыныпқа құжат қабылдау уақыты өзгерді
Қоғам • Бүгін, 10:36
AERC болжамы: Мамыр айында жылдық инфляция 11,01%-ға дейін төмендеуі мүмкін
Инфляция • Бүгін, 10:32
Оқиға • Бүгін, 10:05
Пәкістандағы су тасқынынан 17 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:49
Шаңды дауыл, найзағай және өрт қаупі: 31 наурызға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:17
Сыр бойындағы серпінді жобалар
Жоба • Бүгін, 09:05
Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажет
Жемқорлық • Бүгін, 09:00
Мәселе • Бүгін, 08:55
Құрылыс • Бүгін, 08:48
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: Астана болашақ құқығын зерттеу орталығына айналады
Университет • Бүгін, 08:45
Банк табысы азайса, несие пайызы өсе ме?
Банк • Бүгін, 08:43
Тұлға • Бүгін, 08:40
Құқық • Бүгін, 08:38