25 Қаңтар, 2017

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

tamara_duysenova1002

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Әбішұлының Жарлығымен Т.Б. Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды.

"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметінен босатылсын", делінген Ақорданың ресми сайтында.