25 Қаңтар, 2017

Назарбаев: Реформа елімізге ұзақ жылдарға саяси тұрақтылық береді

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін арнайы үндеу жасаған Елбасы билік тармақтарын қайта бөлудің қандай міндеттерді шеше алатынын атап берді. "Жұмыс тобы жұмысын ары қарай жалғастырады. Осы мәселенің барлығын жан-жақты қарастырып, алдағы қоғамдық талқылауға бірқатар ұсыныстар дайындауы тиіс. Ұсынылған бағдарлама үш мәселені шешуді қарастырады. Біріншіден, алдағы көптеген жылдар бойына саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету. Екіншіден, Үкімет пен Парламенттің рөлін күшейту заманауи қатерлерге жауап берудің тиімді механизмін жасайды. Бұл басқару жүйесінің күрделілеу екені белгілі, алайда қоғамның да қиындап бара жатқанын естен шығармағанымыз жөн. Мен президенттің құзырына тиесілі бірқатар өкілеттікті беруге өз еркіммен барып отырмын. Жалғыз мақсатты – қазіргіден де тиімді, тұрақты, заманауи басқару жүйесін құруды мақсат еткендіктен осындай қадамға бардым. Үшіншіден, әлемде мемлекеттік басқарудің ешқандай да әмбебап үлгісі жоқ. Бәрі де іздену үстінде", деді Елбасы.