26 Қаңтар, 2017

Усейн Болт 2008 жылғы Олимпиада алтынынан айырылды

555 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
bolt Ямайкалық атақты желаяқ Усэйн Болт 2008 жылғы Олимпиаданың алтын медалінен айырылды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Ол командадағы серігі Неста Картердің қанынан тыйым салынған заттардың анықталуына байланысты осындай жазаға тартылып отыр. Атлеттің сынамасында жеңіл атлетикада кең таралған туринабол табылған. Болтпен қатар, сол эстафетаға қатысқан Асафа Пауэлл мен Майкл Фратер де медальдан айырылып отыр. Ендігі кезекте команданың көрсеткен нәтижесі жойылып, спортшылар медальдарын қайтаруы тиіс. bolt 2