26 Қаңтар, 2017

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

272 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Конс­ти­туциясының 44-бабының 3) тар­мақшасына сәйкес мемлекеттік бас­қару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
  1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі: әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік саясатты қалып­тас­тыру және жүргізу саласындағы функ­циялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Респуб­ли­касының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне; денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалып­тас­тыру және жүргізу саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Респуб­ликасының Денсаулық сақтау министрлігіне бөлу арқылы; 2) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министр­лігі экспортты ілгерілетуге жауапты ретінде айқындалып, туристік қызмет саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Рес­пуб­ликасының Мәдениет және спорт министрлігіне беріле отырып; 3) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі: халықтың санитариялық-эпи­де­миологиялық саламаттылығы сала­сындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Респуб­лика­сының Денсаулық сақтау министрлігіне; елді мекендердің шекарасы (сызықтары) шегінде электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын, белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан төмен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, газ және газбен жабдықтау сала­сын­дағы мемлекеттік саясатты қалып­тастыру және іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне; сәулет, қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй қатынастары, сумен жабдықтау, су бұру, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты-тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне беріле отырып қайта ұйымдастырылсын.
  1. Мемлекеттік органдар бері­летін функциялар мен өкілет­тіктерге сәйкес қайта ұйымдас­ты­рылатын мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлары болып белгіленсін.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдардың штат санын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша қайта бөлуді; 2) 2017 жылғы 1 шілдеге дейін осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
  1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Прези­дентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы №6 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармақта: мынадай мазмұндағы жол­дармен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі»; Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.»; «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;» деген жол алып тасталсын.
  1. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің Әкімшілігіне жүк­телсін.
  2. Осы Жарлық қол қойылған кү­ні­нен бастап қолданысқа енгі­зіледі.
  Қазақстан Республикасының Президенті  Н.НАЗАРБАЕВ   Астана, Ақорда, 2017 жылғы 25 қаңтар №412