26 Қаңтар, 2017

СҚО ауылында спорт кешені ашылды

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20170126082227 Қызылжар ауданының Новоникольское ауылында «Зенченко и К» командиттiк серiктестiгiнiң жаңа дене шынықтыру және сауықтыру кешенi ашылды.  Нысанды ашу салтанатына облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов қатысты, деп хабарлайды СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. Спорт кешенi «Зенченко и К» коммандиттiк серiктестiгiнiң жеке қаражатына салынды. Құрылыс пен жабдықтардың құны 240 млн. теңге. Кешенде волейбол мен баскетболға арналған алаң, жаттығу залы, әдiстеме, медициналық кабинет сондай-ақ, киiм ауыстыратын бөлме, душ, бильярд залы орналасқан. Сонымен қатар, нысанда 25 метрлiк 4 жолақты бассейн бар. «Соңғы екi жыл iшiнде бiз 192 хоккей алаңшасын, 255 футбол алаңын салдық. Бүгiн бiз Новоникольское ауылының «Зенченко и К» КС шаруашылығында спорттық орталықты ашып отырмыз. Бұл марқұм Геннадий Ивановичтiң ойы болды, оны жүзеге асырған оның ұлы - Геннадий Геннадьевич Зенченко», - дедi Ерiк Сұлтанов. 20170126082055