02 Сәуір, 2011

Асырап алған баланы туған бала санатына қоспау – әділетсіздік

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Республикамыздың зейнет­ақы­­мен қамту туралы заңында 5 және одан да көп бала туып, балаларын 8 жасқа дейін тәр­бие­леген әйелдерді жеңілдік шартпен 53 жасында зейнеткерлікке шығару көзделсе, ал асырап алған ба­ла­лардың  туған балалар санатына алын­байтындығы қарастырылған. Бұл әйелдердің де, бала­лардың да моральдық және мате­риалдық жағдайына кері әсерін тигізіп отыр. Жетімханаларда жетім бала­лар­ды өсіруге, тәрбиелеуге мемлекет тарапынан жылына әр ба­лаға орта есеппен 650-700 мың теңге жұмсалатынын ескерсек, асырап алған балаларын әйел­дер­дің ту­ған балалары санатына қоспауы­мыз әділетсіздік деп есептеймін. Келешекте осы заңға өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізілуі тиіс деп есептеймін. Аталған мәселеге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсіністік танытады деп сенемін. Өстемір БЕКТӨРЕЕВ, Мәжіліс депутаты.