Теһран қаласында Халықаралық Наурыз мерекесінің II жиыны өтті. Жиын 2010 жылы 18 ақпан күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-ші сессиясында қабылданған «Халықаралық Наурыз күнін атап өту туралы» қаулыға сәйкес ұйымдастырылды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы СІМ-нің баспасөз қызметі.
Осы халықаралық жиынға 30 мемлекеттің делегациясы, оның ішінде Иран, Түркіменстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Ирак, Армения президенттері, Түркия Премьер-министрінің орынбасары, Пәкстан Мәжілісінің төрағасы қатысты. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов басқарып келді.
Жиын салтанатты түрде өтіп, президенттер құттықтау сөз сөйледі. Наурыз мерекесін атап өтетін мемлекеттердің мәдениет ұжымдары сахнада өз өнерлерін көрсетті. Наурыз жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жиында сөз сөйлеген Иран президенті М.Ахмадинежад: «Наурыз халықаралық жиынының ұраны әлемде бейбітшілік пен әділеттілікке қол жеткізу үшін ұлттардың бірлігін нығайту. Наурыз адам баласына жарқын болашақ үмітін сыйлап, түрлі сынақтардан сүрінбей өтуіне көмектеседі», – деді.
Жиын барысында Қазақстан делегациясының басшысы Иран Ислам Республикасының президенті М.Ахмадинежадпен кездесті. Ж.Кәрібжанов Иран басшылығының Халықаралық Наурыз мерекесін жоғары деңгейде атап өту бағытындағы қызметіне оң баға берді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында арнайы қаулымен Наурызды мемлекеттік мереке деп жариялап, күнтізбеге демалыс күні ретінде енгізгеніне, сондай-ақ, Наурыз мерекесіне халықаралық мәртебе беру жөніндегі 2010 жылғы БҰҰ шешімін қолдағанына тоқталды.
М.Ахмадинежад Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ қаулысын қуаттағанына және қазақстандық делегацияның Халықаралық Наурыз мерекесінің II жиынына қатысқанына ризашылық білдіре отырып, Наурыздың көрші мемлекеттердің ортақ мерекесі ретінде ұлттар байланысының артуына себеп болатынын жеткізді. Ол екі жақты қарым-қатынасқа тоқталып, Иран мен Қазақстан байланысының даму үрдісіне жоғары баға беріп, осы ынтымақтастық одан әрі нығая түседі деп сенім артты.
Кездесу барысында Ж.Кәрібжанов Қазақстан Республикасы басшылығының Иранмен байланыс деңгейін арттыруға жете көңіл бөліп отырғанын жеткізді. Екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасқа тоқталып, Өзен (Қазақстан) – Қызылқия – Берекет – Этрек (Түркіменстан) – Горган (Иран) темір жол желісінің дер кезінде іске қосылатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, Қазақстан астығын Иранға экспорттауды қолдады. Ж.Кәрібжанов Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру орайында ирандық компанияларды Қазақстанға инвестиция салуға шақырды.

Батыс Қазақстанда жол өндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 11:55
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38