27 Қаңтар, 2017

ОҚО-да медициналық бұйым шығаратын зауыт ашылды

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Тассай» индустриялды аймағында «Marai E7 Group» зауыты іске қосылды. ТМД елдері бойынша баламасы жоқ өндіріс орнының ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кәсіпорында оңтүстік кореялық технология пайдаланылады. Жоба бойынша зауыттан 17 түрлі полиуретандық медициналық бұйымдар шығарылады. Аталған өнім түрлері әртүрлі сынық-жарақатта қолданылады. Сондай-ақ олар жеңілділігімен, эластикалық, иілгіштігімен, рентген өткізгіштікпен ерекшеленіп, 20 минутқа дейін қатады. «Өндіріс орнының ел нарығын толықтай қамтамасыз етуге қауқары бар. Жалпы құны 393 млн теңгені құрайтын кәсіпорында 50 жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыс орнымен қамтылып отыр.