Фото: gov.kz
Бұл – еңбек нарығында «жасырын жұмыстан кету» деп аталатын құбылыстың көрінісі. Яғни адамдардың жұмыстан шығу туралы шешім қабылдағанымен, нақты қайда баратынын әлі анықтамаған немесе жаңа жұмыс іздеу процесінде жүргенін аңғартады.
Зерттеуге сай жұмыс орнын ауыстыруға табыстың төмен екендігі себеп болып отыр.
Мұндай пікірді респонденттердің – 42,7%-ы, яғни 75,5 мың адам білдірген. Сонымен қатар 26% қызметкер өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтінін айтып, жұмыстан кеткісі келетінін жеткізген.
Жас кадрларға сұраныс: Қостанайда еңбек нарығы кеңейіп келеді
Шамамен 10,6 мың адам бұл шешімге жеке немесе отбасылық жағдайларға байланысты келген. Бұдан бөлек, жұмыс орнының алыс орналасуы немесе оған қатынаудың қолайсыздығы, сондай-ақ компания тарапынан әлеуметтік кепілдіктердің жеткіліксіздігі де негізгі себептердің қатарында аталған.
Бұл үрдіс еңбек нарығындағы жалпы динамикамен де сәйкес келеді. Жеке рекрутингтік компания Hh.kz деректері бойынша, биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында платформадағы түйіндемелер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24%-ға артқан. Бұл жұмыс іздеушілердің айтарлықтай көбейгенін, олардың бір бөлігі түйіндемесін жаңартқанын, енді бірі алғаш рет тіркелгенін көрсетеді.
Ең жоғары өсім сату және қызмет көрсету саласында – 26%, сақтандыру секторында – 26% және ақпараттық технологиялар саласында – 23% көрсеткіш негізінде байқалған.
Еңбек нарығындағы сәйкессіздік: Бос жұмыс орны көп пе әлде жұмыссыздар ма?