27 Қаңтар, 2017

Батыс Қазақстанда Ұлы Отан соғысы туралы кітаптың тұсаукесері өтті

816 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
10 Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында БҚО әкімдігінің қолдауымен Алматыдағы «Золотая книга» баспасынан жарық көрген «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Батыс Қазақстан облысы» атты жаңа кітаптың таныстырылымы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Аталмыш кітапта қанқұйлы соғысқа қатысқандар жөнінде барынша кеңінен сыр шертіледі. Облыстан шыққан Кеңес Одағының Батырлары мен Даңқ орденінің толық иегерлері жөнінде жеке тараулар берілген. Тың деректер де баршылық. «Бұл кітап өткенді ұмытпау үшін керек. Қазір біздің қатарымыз селдіреді. Соғысты көзбен көргендер күн санап азайып барады. Сондықтан Отанын қорғағандар жөнінде жастарға үнемі айтып отырамыз», – деді 92 жастағы майдангер Вениамин Сколенко. Айта кетейік, 500 дана таралыммен шыққан кітап облыстағы әр кітапханаға берілмек. 11