27 Қаңтар, 2017

Трамп антиресейлік санкцияның күшін жоймақ

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Atlantic Council сараптамалық орталығының қызметкері Фабрис Потье Twitter-дегі парақшасына АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейден санкцияны алу туралы құжатқа қол қоюға дайын екендігін жазды, деп хабарлады rambler.ru. «Трамптың әкімшілігі Ресейге қатысты санкцияны алу туралы президенттің бұйрығын дайындады, деп мәлім етті дереккөздер. Президенттің Меркельмен және Путинмен сөйлесуі сенбіге белгіленген», - деп жазды Потье. Сондай-ақ, Politico басылымының қызметкері Сьюзен Глассер өзінің Twitter-дегі парақшасына Трамптың санкцияны біржақты ретпен алып тастайтындығын жазған.