27 Қаңтар, 2017

АҚШ резервтегі мұнайын сата бастайды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АҚШ Энергетика министрлігі кеңсесі стратегиялық резервтегі шикі мұнайды сата бастайды, деп хабарлайды АҚШ Энергетика министрлігі. Қаңтар айында америкалық ведомства құны 375,4 млн доллардың мұнайын сатуға шығарғанын хабарлаған еді. Жалпы, 2017-2019 жылдары 190 млн баеррль қара алтын сатылмақ. 2015 жылы ел үкіметінің қабылдаған екі партиялық бюджеттік акт 2017-2020 жылдарға арналған резервтегі құны 2 млрд долларлық мұнайды саудаға шығарады. «Бұл қаржы мұнай қорын жаңарту бағдарламасына пайдаланылады», — дейді АҚШ Энергетика министрлігі. Сәрсенбі күні энергетика министрлігі Shell Trading және Phillips 66 компанияларымен 6,4 млн баррель мұнай саудасы туралы келісімшартқа қол қойды. Ал тендерге жалпы саны 21 компания қатысқан.