2016 жылы Астанада балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 70,6%-ды құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 6,1% жоғары. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, 2017 жылы – 72%, 2018 жылы – 72,1%, 2019 жылы – 97,7%, 2020 жылы – 100% көрсеткішке қол жеткізу жоспарланған.
Орындардың жетіспеушілігі мәселесінің шешімін табу үшін осы үдеріске жеке секторды белсенді қатыстыруға шешім қабылданған. Қазіргі таңда жеке балабақшалар желісі 116 ұйымды құрайды. Оның ішінде 96 ұйымда мектепке дейінгі білім мен тәрбие беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған.
Қазіргі таңда 46 327 орындық мектепке дейінгі 167 мекеме ашу қажеттілігі анықталған. Осыған байланысты басқарма балабақша құрылысын салу бойынша жеке серіктестерді анықтау мақсатында байқау өткізген. 2016 жылы 20 желтоқсанда әлеуетті жеке серіктестер 1440 орындық балабақшалары бойынша 6 байқау өтінішін тапсырған.
Ведомство басшысының айтуынша, мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеуі мәселесінің тиімді шешімі – коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы балансындағы тұрғылықты емес ғимараттарды беру. Мұндай шешім, өз кезегінде, жеке мектепке дейінгі мекемелер желісін арттыруға, мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыруға және орын жетіспеушілігін қысқартуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің білім беру тапсырысы дотациясына келетін болсақ, 2016 жылы ол 15 900 теңгеден 20 800 теңгеге артқан.
Жыл сайын балабақшадан орын алу үшін кезекке тіркелетін балалар саны 10 мыңға артады және қазір көрсеткіш 3-6 жас аралығындағы 33240 баланы құрайды. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 96 жеке меншік балабақшадағы балалар саны – 8849.
• 28 Қаңтар, 2017
Мектепке дейінгі балаларды білім берумен қамту 2019 жылы 100%-ға жуықтайды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы Қырғызстанда өтеді
Үкімет • Бүгін, 13:35
Асхат Аймағамбетов зейнетақы қаражатын басқаруға қатысты түзетулерді түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 13:20
ХОК мәлімдеме жасады: Енді трансгендерлер Олимпиадаға қатыса алмайды
Спорт • Бүгін, 13:05
Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды: Мүлікті кімдер сатып ала алады?
Қоғам • Бүгін, 12:44
Аида Балаева Дүниежүзілік театр күнімен құттықтады
Театр • Бүгін, 12:42
Мемлекет басшысы Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды
Президент • Бүгін, 12:37
Көші-қон заңнамасын бұзған 132 шетелдік ел аумағынан шығарылды
Заң • Бүгін, 12:34
Шымкентте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтіп жатыр
Қазақстан • Бүгін, 12:24
С.Сейфуллин атындағы университет алғаш рет QS WUR by Subject 2026 рейтингіне енді
Білім • Бүгін, 12:10
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу қиындайды
Қаржы • Бүгін, 11:55
Олжас Бектенов ЕАЭО аумағында жүк тасымалын реттейтін ЖИ платформасын құруды ұсынды
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:42
Алатау қаласы жаңа мәртебеге ие болды: Мәжіліс тиісті заңды қабылдады
Заң • Бүгін, 11:24
Ербол Хамитовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді
Спорт • Бүгін, 11:15
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: Қазақстан тәжірибесі Францияда таныстырылды
Жемқорлық • Бүгін, 11:08