Жетісу төрінде Универсиаданың алау эстафетасы өте жоғары деңгейде өтуде. Талдықорғандық жастар спортшыларымызға қолдау көрсету мақсатында флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
500 жас «U» əрпі мен «2017» санын жазды. Осылайша олар əлемдік деңгейдегі додада бақ сынасатын біздің спортшыларымызға өз құрметтерін көрсетті.
Айта кету керек, Алматы облысынан 6 спортшы Универсиадаға қатысып, ел намысын қорғайды. Қазір облыс орталығында Алау эстафетасын алып жүру шарасы өтіп жатыр.
Салтанатты шараны ашқан облыс басшысы алаугер атанып, маңызды миссияны ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Карина Горичеваға табыс етті. Жастар саябағынан басталған шарада 60 адам Универсиада Алауын ұстап жүру құрметіне ие болды. Олардың қатарында спорттық додаларда ел намысын қорғап, көк байрағымызды көкке желбіретіп жүрген жандар да бар.
Атап айтсақ, Халықаралық жарыстардың жеңімпазы, боксшы Жәнібек Әлімханұлы және Риода өткен Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева, грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері, XVII жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, әлем және Азия чемпионы, Рио-де-Жанейрода өткен XXXI жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы Нұрмахан Тінәлиевтер алаугер болады.
• 28 Қаңтар, 2017
Талдықорғанда Универсиада құрметіне флешмоб ұйымдастырылды

Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Кеше
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Кеше
Пікір • Кеше
Қоғам • Кеше