28 Қаңтар, 2017

Елбасы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары әңгіме барысында күн тәртібіндегі өзекті жаһандық мәселелер, соның ішінде Астанада өткен Сирияға қатысты халықаралық кездесу қорытындылары жөнінде пікір алмасты. Владимир Путин Астанада сирияаралық келіссөздерді жоғары деңгейде ұйымдастыруға барлық қажетті жағдайды жасағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді. Қазақстан Президенті Сирия дағдарысын реттеу тек бейбіт жолмен жүргізілуге тиіс екенін атап өтіп, алдағы уақытта да бұл үдеріске жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін айтты. Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей Президенттері алдағы кездесулер кестесін қарастырды.