Швейцарияның Ньон қаласында жастар арасындағы «Еуро-2019» іріктеу додасының жеребесі тартылып, қазақ жастарының қарсыластары анықталды.
Жеребе тарту барысында Қазақстан жастары Беларусь, Кипр, Босния, Әзербайжан сынды құрамалармен бірге бесінші себетке түскен. Сондай-ақ, соңғы саяси төтенше жағдайларға байланысты УЕФА басшылығы жеребе тарту барысында Испания мен Гибралтарды бір топқа түспейтіндей етті. Бұдан бөлек, Косово жастары да Босния немесе Сербия құрамаларымен кездесе алмайтындай қылды.
Ал жалпы, 2019 жылы Италияда өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне берілер 11 жолдамаға 54 құрама таласпақ. Барлығы тоғыз топ. Топ жеңімпаздары бірден Апеннин түбегіне берілер тікелей жолдамаларға ие болса, өз топтарында екінші орын алғандардың ішіндегі үздік төртеуі қалған екі жолдаманы екі ойыннан тұратын іріктеу ойындарда сарапқа салады.
Қазақстан жастары Франция, Словения, Қаратау, Болгария және Люксембург құрамаларына қарсы ойнайды. Іріктеу додасы осы жылдың наурыз айында басталады.
Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасының бас бапкерлік қызметіне жақында ғана отандық маман Владимир Никитенко тағайындалған болатын.
Қазақстан жастарының ойындар кестесі
28.03.2017. Люксембург – Қазақстан
13.06.2017. Черногория – Қазақстан
01.09.2017. Қазақстан – Черногория
05.09.2017. Франция – Қазақстан
06.10.2017. Болгария – Қазақстан
10.10.2017. Қазақстан – Болгария
23.03.2018. Қазақстан – Франция
27.03.2018. Қазақстан – Люксембург
07.09.2018. Қазақстан – Словения
11.09.2018. Словения – Қазақстан
• 29 Қаңтар, 2017
Футболдан Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталды

Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Кеше
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Кеше
Пікір • Кеше
Қоғам • Кеше