29 Қаңтар, 2017

Жамбыл облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жамбыл облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады. 30-31 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыс, батыстан күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с-ға дейін жететін жел соғады. 30 қаңтарда күндіз, 31 қаңтарда тәулік бойы облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с жылдамдықпен жел соғады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.