29 Қаңтар, 2017

Универсиаданың ашылу салтанаты өтіп жатыр

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
9 Алматы қаласында XXVIII Бүкiләлемдiк қысқы Универсиаданың ашылу рәсімі өтіп жатыр. Шараға Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев қатысып отыр. Универсиаданың ашылу салтанатында халқымыздың өткені мен салт-дәстүрi жайлы қойылым қойылды. «Алматы Арена» мұз айдынында қазақтың суырып салма ақындары арнау айтып, ат құлағында ойнаған шабандоздар туымызды желбiретiп, алып өттi. Ашылу салтанаты әлемнiң 80-нен астам елiнде көрсетiлiп жатыр. Айта кетейік, Қазақстан атынан спорттың 12 түрінен 175 спортшы қатысады. 10 күнде 85 медаль сарапқа салынады. Мәліметтерге сәйкес, бұл – қысқы Универсиада тарихындағы рекордтық көрсеткіш.
Соңғы жаңалықтар

Сахна – рухтың шамшырағы

Театр • Бүгін, 09:05

Қазақы тағамның қасиеті

Экономика • Бүгін, 08:53

Атыраудағы бірегей зауыт

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?

Сараптама • Бүгін, 08:48

MIT-ке қабылданған оқушы

Білім • Бүгін, 08:38