Семейліктерді міне, қатарынан үш жыл бойы 905 құрылыс ауданындағы «Елжан» сауда дүкені ерекше қуантып келеді. Бұл жерде күнделікті тұрмыстық қажеттілікке дайын дүниелер сатылумен қатар, ауыл шаруашылығының да өнімдері халыққа тиімді бағада ұсынылған. Тіпті, осы жерде «Барлығы да рахмет үшін!» деп аталатын сауда нүктесі бар. Тұрғындар бұл жерден алғыс айтып, жағдайы жоқтары тегін киім-кешектер алуда. Әлеуметтік жоба аз қамтылған отбасылар мен көп балалы отбасыларға арналып отыр. Бәрін айт та, бірін айт, «Елжан» сауда үйінің директоры Ерлан Жақыпқа бүгінде ел риза. Оның дүкеніндегі елу кәсіпкер тұтынушылармен делдалдарсыз тікелей жұмыс істейді. Тіпті, саудаланатын өнімді сақтауға, яғни сапа жағына да ерекше мән беріліп отыр. Ет және сүт, картоп-көкөніс өнімдері үшін үш тонналық мұздатқыш камера жұмыс істейді. Осылайша, қарапайым халықтың көңілінен шыға білген кәсіпкер Ерлан Жақыпов Ұлттық экономика министрлігі және Сауда-өнеркәсіп палатасының ұйымдастыруымен өткен «Сауда үздігі» конкурсында жеңіске жетті.
– Кәсіпкерлікті қолдап отырған Үкіметке, мемлекетімізге рахмет, – деді Ерлан Жақып. – Сауда үйі әрі қарай да аясын кеңейтіп, жаңа жобаларды қолға алмақпыз. Осының бәрі ел игілігі үшін. Бұл жерде тігін цехы, бильярд ойын алаңы бар. Ауылдан қалаға келушілерге барлық жағдай жасалған. Жанында – асхана мен шаштараз. Осылардың барлығын ескере келе, «Үздік сауда үйі» номинациясында бірінші орынды ұйымдастырушылар бізге берді. Біздің ұжымының еңбегі жоғары бағаланды.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,
журналист
СЕМЕЙ

Бүгін ел аумағының басым бөлігін тұман басады
Ауа райы • Бүгін, 09:23
Олимпиада: Қазақстан спортшыларының 8 ақпандағы жарыс кестесі қандай?
Олимпиада • Бүгін, 09:06
Қазақ спортшылары Олимпиаданың алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті?
Олимпиада • Кеше
Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?
Олимпиада • Кеше
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіл атлетика • Кеше
Ертең еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды
Ата заң • Кеше