30 Қаңтар, 2017

«Ерекше алғысымды білдіремін»

772 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемле­кет­тік биліктің тармақ­тары арасында өкі­леттіктерді қайта бөлу мәселесі республика дамуының жүйелі және заңды кезеңі болып табылатындығын айтып, Денсаулық сақтау ми­нистр­лігін қайтадан құрған еді. Бас­шылығына Елжан Біртанов тағайындалды. Бұл дер кезінде қолға алынған мәселе, себебі, мемлекетіміз үшін адам өмірі, халық денсаулығынан артық ештеңе жоқ. Осынау жағымды жаңа­лыққа әсіресе, 40 жыл бойы Семей ядролық полигоны бомбаларының жарылысы ас­тында өмір сүруге мәжбүр болып, түрлі қатерлі дерттерге ұшыраған, адам айтқысыз зардап шеккен халық ретінде біз қатты қуанып отырмыз. Рес­публикалық «Егемен Қазақстан» газетінің 2017 жылғы 16 қаңтардағы №15 санында журналист Раушан Нұғманбекованың «Қосылудан қол ұзарса жақсы ғой...» ат­ты мақаласы шықты. Онда менің берген ақ­параттарым бойынша және жергілікті тұрғындардың өтінішімен Семей қаласын­дағы наркологиялық диспансердің оңтай­ландырылмауы жайлы айтылған еді. Осы мақаладан Әлеуметтік қорғау және ден­сау­лық сақтау министрлігінен бізге хабарласып, Семей қаласын­дағы халыққа аса қажетті нарко­логиялық диспансер пси­холо­гия­лық ауруханаға әзір­ше қосыл­майтындығынан хабар­дар етті. Сондықтан да, мекеме қыз­мет­керлеріміз бен нау­қас­тарымыздың, семейліктердің атынан зор риза­шылығымызды айтып, мәселені дер кезінде көтергені үшін «Егемен Қазақстан» газетінің бас­шы­лығына, ұжымына ерекше ал­ғы­сымды білдіремін. Павел БРЫЖАХИН, Семей қалалық наркологиялық диспансерінің директоры   Шығыс Қазақстан облысы