30 Қаңтар, 2017

Мәжілістің бюро отырысы өтті

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен па­ла­та­ның бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Ол бойынша Мәжіліс депутаттары «Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңға өзгерістер енгізуге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарайды деп күтілуде. Сонымен бірге, еліміздің   кейбір конституциялық заң­дары­на өзгерістер енгізу туралы заң жобасы да осы күні халық қа­лау­лы­ларының талқысына ұсы­ныл­мақ. Жалпы отырыста халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының жарғысын  ратификациялау бойынша заң жобасы жұмысқа қабылданатын болады. Бюро отырысында Оңтүс­тік Қазақстан облысында пар­ла­менттік тыңдауды дайындау жө­ніндегі арнаулы уақытша комис­сияның көшпелі отырысын өткізу және  депутаттардың сайлаушылармен кездесулері үшін өңірлерге сапарға шығуы туралы қаулы қабылданды.