30 Қаңтар, 2017

Коммунистер де белсене қатысады

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Коммунистік халық партиясы Орталық комитеті саяси бюросының кеңейтілген отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі Үндеуі талқыланды.  Орталық комитет саяси бюро­сының мүшелері Елбасының ұсы­ныс­тарына қолдау білдірді және олар мем­лекеттік билік тармақ­тары ара­сын­да өкілеттіктерді қай­та бөлу қажет деген ортақ пікірге келді.  Пар­тия жетек­шілері, сондай-ақ, өкі­лет­тіктерді қайта бөлу мемлекеттік ор­ган­дар жұ­мы­сы­ның тиімділігін бағыт­тауға ар­нал­­ғанын атап өтті. Бірін­ші кезек­те, бұл билік­тің заң шы­ғару­шы және ат­қару­шы орган­дары­ның жауап­кер­шілігін күшейтеді. Коммунистердің пікірінше, аталған реформа саяси жүйенің тұрақтылығын арттырады, ал Парламент пен Үкіметтің рөлінің артуы қазіргі заманғы мем­лекеттік басқару жүйесінде тиім­ді механизм қалыптастыруға мүм­кіндік береді. Отырыста  партия өкіл­дері бүкілхалықтық талқылауға ұсы­ны­латын реформа жобасының ерек­шелік­теріне тоқтала келіп, бұл Қазақ­стан Тәуелсіздігінің бастапқы кезінде таңдалған демократиялық бағыттың жалғасы екенін атап өтті.  Отырыс қорытындысында партияның бастауыш құрылымдарында Елба­сы­ның Үндеуін бүкілхалықтық талқылау туралы шешім қабылданды Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»