30 Қаңтар, 2017

Мән-маңызы Венада түсіндірілді

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Тұрақты кеңесінің отырысында ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстан делегациясы Мемлекет басшысы жариялаған конституциялық реформаларға қатысты Үндеудің негізгі мазмұнын түсіндірді.   Қазақстандық делегация қарас­тырылып отырған реформа­ның негізі биліктің бірқатар өкілет­тілік­терін қайта бөлу және жал­пы саяси жүйені демократия­лан­ды­ру­ға бағытталғанын атап өтті. Жалпы, биліктің барлық тармақ­тарының тиімділігі мен жауапкер­шілігін арттыру үшін алдағы уақыт­та атқарылатын жұмыстар белгі­лен­генін айта кету керек. Бұл ре­фор­­маның билік тармақтары ара­­­сын­да теңгермелік жүйесін қа­лып­­тастыруға ықпал етеді. Атқа­ры­­латын шара­лардың аса зор маңыз­ға ие екендігін ескере отырып, конс­ти­туциялық реформа мәсе­лесі жал­пы­халықтық талқылауға шығарылған. ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты кеңес еліміздегі конституциялық реформаның бірінші кезекте Қазақстанның өзіндік тәжірибесі мен қажеттіліктеріне сүйеніп қолға алынғанынан, ол еліміздің бола­шақ дамуына және бес институт­тық реформаларға сәйкес келетіні­нен хабардар. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»